Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Петровка ауылы тұрғындарынын пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген схемалық картаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округінің Петровка ауылындағы атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:
№ 1 атауы жоқ көше – Сәмеке Ешкеев көшесі;
№ 2 атауы жоқ көше – Абай көшесі;
№ 3 атауы жоқ көше - Әлия Молдағұлова көшесі;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Чкалов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
С. Садвакасов |
Чкалов ауылдық округі | |
әкімінің міндетін атқарушы | |
2021 жылғы 25 ақпаны | |
№ 4 шешіміне | |
қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округінің Петровка ауылындағы атауы жоқ көшелерге атаулар беру туралы схемалық карта
Шартты белгілер:
№ 1 көше (Сәмеке Ешкеев көшесі)
№ 2 көше (Абай көшесі)
№ 3 көше (Әлия Молдағұлова көшесі)
С. Садвакасов |