Тимирязев аудандық мәслихатының 2019 жылғы 7 тамыздағы № 36/4 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық жерінде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2021 жылғы 5 тамыздағы № 5/3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 тамызда № 23892 болып тіркелді

      Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық жерінде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" Тимирязев аудандық мәслихатының 2019 жылғы 7 тамыздағы № 36/4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тізілімінде № 5543 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімінің атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық жерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық жерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы А. Асанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады