ШЕШТІМ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің 2021 жылғы 3 наурыздағы № 9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7149 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшасының 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. № 483 сайлау учаскесі:
сайлау учаскесінің орналасқан жері: Жарқын ауылы, Сегіз Сері көшесі, № 30 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Тимирязев ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Жарқын орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Жарқын ауылы.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тимирязев ауданының әкімі | Н. Кенесов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Тимирязев аудандық
сайлау комиссиясы