Уәлиханов аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 3-25 с "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 2-5 с шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 сәуірде № 7284 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі-Кодекс) 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Уәлиханов аудандық мәслихатының "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 3-25 с шешіміне (2018 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау электрондық түрдегі банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4694 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1.Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерінен басқа, Салық кодексінің 505, 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Уәлиханов аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
С. Сабырова
      Уәлиханов аудандық
мәслихатының хатшысы
М. Абдулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады