Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округі Телжан ауылының атауы жоқ көшесіне атау беру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 14 сәуірде № 7292 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес,2020 жылғы 29 желтоқсандағы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Телжан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.Қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес, Телжан ауылдық округінің Телжан ауылының келесі атауы жоқ көшесіне атау берілсін:

      №1 атауы жоқ көше – Сәкен Сейфуллин көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Телжан ауылдық округінің әкімі С. Утигенова

  2021 жылғы 14 сәуірдегі № 8
  Телжан ауылдық округінің әкімі
  шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округі Телжан ауылының атауы жоқ көшесіне атау беру туралы схемалық картасы

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады