Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округі Көбенсай ауылының атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 9 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 27 сәуірде № 7355 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, 2020 жылғы 29 желтоқсандағы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Телжан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес, Телжан ауылдық округінің Көбенсай ауылының келесі атауы жоқ көшелеріне атаулар берілсін:

      №1 атауы жоқ көше – Абылай хан көшесі;

      №2 атауы жоқ көше – Абай көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Телжан ауылдық округінің әкімі С. Утигенова

  Телжан ауылдық округінің әкімі
  2021 жылғы 26 сәуірдегі
  № 9 шешіміне
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округі Көбенсай ауылының атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы схемалық картасы

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады