Солтүстік Казақстан облысы Шал ақын ауданы Ступин селолық округі әкімінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы №11 "Шал ақын ауданы Ступин селолық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 6 сәуірде № 7246 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Семипол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Ступин селолық округі әкімінің "Шал ақын ауданы Ступин селолық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы" 2009 жылғы 11 желтоқсан № 11 шешіміне (2010 жылы 5 ақпанда "Новатор" және "Парыз" аудандық газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13-14-91 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешiмнің мемлекеттік тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөздері тиісінше "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің орыс тіліндегі деректемелері мен мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      әкім Р. Ескулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады