Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "селолық" сөздері тиісінше "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округі әкімінің 02.04.2021 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңы 35-бабы 2 тармағына, 37-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Ступин ауылдық округі азаматтарының қоғамдық кеңесінің шешімін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Шал ақын ауданы Ступин ауылдық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Ж. Амержанов |
Ауылдық округ әкімінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 11 шешіміне қосымша |
Шал ақын ауданы Ступин ауылдық округінің атау берілген елді мекендерінің құрамдас бөліктерінің тізбесі
Ступинка ауылы бойынша:
Бірінші көшеге – Қоскөл;
Екінші көшеге - Целинная;
Үшінші көшеге – Абай Құнанбаев атындағы;
Төртінші көшеге – Дружба;
Бесінші көшеге – Мир;
Алтыншы көшеге – Республика.
Жалтыр ауылы бойынша:
Бірінші көшеге – Мектеп;
Екінші көшеге - Жеңіс;
Үшінші көшеге – Мусин Үмітбай атындағы.
Остаған ауылы бойынша:
Бірінші көшеге – Солнечная;
Екінші көшеге – Конституция;
Үшінші көшеге – Абай Құнанбаев атындағы;
Төртінші көшеге – Школьная;
Лесная тұйық көшесі.