"Атырау облысының әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 ақпандағы № 35 қаулысы

      Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Атырау облысының әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4882 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Шәпкенов

  Атырау облысы әкімдігінің
2024 жылғы 20 ақпандағы
№ 35 қаулысына қосымша

Атырау облысы аумағында шөптесін өсімдіктерде паразиттік ететін арам сояумен зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимі енгізілген карантин аймағы

№ р/с

Ауылдық округтер атауы

Жер учаскесінің тиесілігі

Зақымданған алқап, гектарда

Құрманғазы ауданы

1

Бірлік

Босалқы жерлер

10

2

Нұржау

10

3

Сафон

15


Барлығы


35

Атырау облысы аумағында шөптесін өсімдіктерде паразиттік ететін қызанақ күйесімен зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимі енгізілген карантин аймағы

№ р/с

Ауылдық округ атауы

Жер учаскесінің тиесілігі

Зақымданған алқап, гектарда

Атырау қаласы

1

Қайыршақты

"Абдулла" шаруа қожалығы

2


Барлығы


2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады