Атырау облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық маңызы бар қалаларға жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесiн айқындау туралы

Жаңартылған

Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 31-VІI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 наурызда № 4899 болып тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 03.08.2023 № 43-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 12-бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және ?зін-?зі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қа?тардағы За?ыны? 6-бабына сәйкес, VІI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті II сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау облысының ауылдық жерге және кенттерінде, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне біржолғы төлем түрінде әлеуметтік қолдау белгілеу арқылы медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Атырау облыстық мәслихатының 03.08.2023 № 43-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері айқындалсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – Атырау облыстық мәслихатының 03.08.2023 № 43-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ?ткен со? қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы А. Абдолов
      Мәслихат хатшысы А. Наутиев

  Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 31-VII шешіміне қосымша

Атырау облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 06.09.2024 № 103-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Атырау облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмыс істеуге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жасақталған және әлеуметтік қолдау шараларын қабылдау, сондай-ақ ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне қаржыландыру және төлемдер тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Тәртіп).

      2. Осы Тәртіпте қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      2) жұмыс беруші - медицина және фармацевтика қызметкерімен еңбек шартын жасасқан, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымы;

      3) ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) - кәсіптік жоғары медициналық (клиницист) немесе фармацевтикалық білімі бар, медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті органмен ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген жеке тұлғалар.

      3. Қызметкерлерге әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға кемінде бес жыл мерзімге жіберілетін мамандарға әлеуметтік кепілдік ретінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын біржолғы көмек болып табылады.

      Бес жылдық кезеңге қызметкердің жалақысы сақталмайтын демалыста, бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болған уақыты, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақпен куәландырылған екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі, сондай-ақ резидентурада немесе магистратурада оқыған мерзімі кірмейді.

      Бұл ретте уәкілетті орган алдында жұмыспен өтеу бойынша міндеттемесі (жергілікті бюджет есебінен оқуына байланысты) болған ретте 2 (екі) жыл қосымша еңбекпен өтеу мерзімі болып есептеледі.

      4. Ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне мынадай мөлшерде әлеуметтік қолдау көрсетіледі:

      облыстық маңызы бар қалаға жұмысқа жіберілген қызметкерлерге – 5 000 000 (бес миллион) теңге;

      аудан орталығында және аудандық маңызы бар қалада орналасқан медициналық ұйымдарға жіберілген қызметкерлерге - 8 500 000 (сегіз миллион бес жүз мың) теңге;

      аудан орталығынан тыс орналасқан ауылдық жерге және кенттерге жұмысқа жіберілген қызметкерлерге - 10 000 000 (он миллион) теңге.

      5. Әлеуметтік қолдау алуға Атырау облысы аумағындағы бір мемлекеттік медициналық ұйымнан босатылып, басқасына орналасқан қызметкерлерді қоспағанда, жас маман немесе шақыртылған (жеке меншік медициналық ұйымдардан, басқа өңірлер мен мемлекеттен), клиникалық практикамен айналысу құқығы бар қызметкер құқылы.

      Жеке меншік медициналық ұйымнан шақыртылған әлеуметтік қолдау алуға ниетті қызметкер сол медициналық ұйымда кемінде бір жыл (соңғы бір жыл) жұмыс істеген болуы тиіс.

      Әлеуметтік қолдау алу үшін басқа мемлекеттен келген қызметкерде кемінде 5 (бес) жылға тұруға ыхтиярхаты немесе Қазақстан Республикасы азаматтығы болуы тиіс. Бұл ретте біліктілігін растайтын барлық құжаттар Қазақстан Республикасында танылуы тиіс.

      Барлық қатысушылар сәйкес мемлекеттік медициналық ұйымдардың негізгі қызметкер (толық ставкада жұмыс жасайтын) болуы тиіс.

      6. Қызметкерге әлеуметтік қолдау көрсету облыстық бюджет қаражаты есебінен уәкілетті органмен құрылған комиссияның шешімі негізінде жүзеге асырылады және қызметкермен еңбек шартын жасасқаннан кейін 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде оның арызы негізінде екінші деңгейдегі банктен ашылған оның дербес шотына аудару жолымен төленеді.

2. Әлеуметтік қолдау шараларын қабылдау тәртібі

      7. Уәкілетті органның жолдамасы бойынша жұмыс беруші Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес қызметкермен еңбек шартын жасасады.

      8. Қызметкер әлеуметтік қолдау алған кезде қызмет еткен медициналық ұйымда еңбекпен өтеу қажет.

      9. Жұмыскердің не жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен талап арыз беру арқылы бұрын аударылған бюджет қаражатын облыстық бюджеттің кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылдайды.

      Еңбек қатынастары мерзімінен бұрын бұзылған кезде бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтару еңбек шартында көзделеді.

      Бұл ретте қайтару сомасы жұмыс істеген уақытына тепе-тең есептеледі.

      10. Жұмыс беруші қызметкер әлеуметтік қолдау алу құқығынан айырылған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей (еңбек шарты бұзылған жағдайда) бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.

      11. Осы тәртіптің орындалуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      12. Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер уәкілетті органның немесе комиссияның әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады