Атырау облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) теміржол жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 40-VІI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 сәуірде № 4932 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы "Теміржол көлігі туралы" Заңының 14-бабы 3 тармағы 1) тармақшасына сәйкес, VII шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезектен тыс III сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) теміржол жолаушылар қатынасының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының бюджет, қаржы, экономика және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (З. Карсакова) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т. Бейсқали
      Мәслихат хатшысы А. Наутиев

  Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 40-VII шешіміне қосымша

Атырау облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) теміржол жолаушылар қатынасының тізбесі

№ р/с

Қатынас атауы


Атырау – Аққыстау - Д.Нүрпейісова


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады