Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабының екінші бөлігіне және Қазақстан Республикасы Индустия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 470 "Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйлерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдестемесін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24170 болып тіркелген) сәйкес Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Атырау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілсін:
1) ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін – 50 теңге;
2) ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін – 60 тенге.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 16 тамыздан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Мәслихат хатшысы | А. Наутиев |