Атырау қалалық Мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 175 "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 57 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 мамырда № 4953 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 24 мамырдағы № 166 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 24.05.2022 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау қалалық Мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 175 "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2856 болып тіркелген, 2014 жылы 10 сәуірде "Атырау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес 4) тармақшамен толықтырылсын;

      2) көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 31) және 32) тармақшалармен толықтырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау қаласы Мәслихатының әлеуметтік, құқық тәртібі және депутаттық өкілеттілігі салалары бойынша тұрақты комиссиясына (Г. Дүсіпова) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      VIII cессия төрағасы М. Хайруллиев
      Атырау қаласы Мәслихатының хатшысы К. Джаумбаев

  Атырау қаласы Мәслихатының 2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 57 шешіміне 1-қосымша
  Атырау қалалық Мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 175 шешімімен бекітілген
1-қосымша

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігі

Атаулы күндер мен мереке күндері

Еселігі

4

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Жылына бір рет


  Атырау қаласы Мәслихатының 2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 57 шешіміне 2-қосымша
  Атырау қалалық Мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 175 шешімімен бекітілген
2-қосымша

Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері

Әлеуметтік көмек алушылардың санаттары

Атаулы күндер мен мереке күндері

Әлеумет тік көмектің мөлшері, теңге

31

Барлық топтағы мүгедектер

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

50 000

32

Мүгедек балалар

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

50 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады