Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 28.09.2021 № 9-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңына сәйкес Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жылыой аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17-22 "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2823 болып тіркелген, 2014 жылы 16 қаңтарда "Кең Жылой" газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасының 2 тармағы осы шешімнің қосымшасына сәйкес 4), 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жылыой аудандық мәслихатының әлеуметтік сала, құқық, коммуналдық шаруашылық, құрылыс, өндіріс, ауылшаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (С. Кенжеғалиев) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Балжигитов |
Мәслихат хатшысы | С. Таласов |
Жылыой аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 5-1 шешіміне қосымша | |
Жылыой аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17-22 шешіміне 2-қосымша |
Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері
№ | Әлеуметтік көмек алушылардың санаттары | Атаулы күндер мен мереке күндері | Әлеуметтік көмектің мөлшері, теңге |
2 | 4) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері; | Отан қорғаушы күні | 100 000 |
5) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері; | |||
6) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары. |