Махамбет аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 қарашадағы № 332 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 24 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 сәуірде № 4915 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Махамбет аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 қарашадағы № 332 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3366 болып тіркелген, аудандық "Жайық шұғыласы" газетінде 2015 жылғы 10 желтоқсанда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген шешімнің кіріспе бөліктегі (кіріспедегі) "және Әлеуметтік еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 санымен тіркелді)" деген сөздер алынып тасталсын;

      2) 2 тармақтың 2) тармақшасындағы:

      "Атырау облыстық білім беру басқармасы" деген сөздер, "Атырау облысы Білім беру басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, депутаттық этика, экономика және қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына (Қ. Қазиев) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Р. Әженов
      мәслихат хатшысы К. Мажиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады