"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35, 37-баптарына және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 6 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес, Жалғансай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жалғансай ауылдық округінің құрамдас бөліктеріне төмендегі атаулар берілсін:
1) №1құрамдас бөлігіне - Сақан күтірі атауы;
2) №2 құрамдас бөлігіне - Алмағаш атауы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Ғ. Мырзағали |