Қызылқоға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № ХХХХІ-1 "Қызылқоға ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 наурыздағы № 2-3 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 сәуірде № 4916 болып тіркелді

      "Кұқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылқоға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № ХХХХІ-1 "Қызылқоға ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4493 болып тіркелген, 2019 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне (әрі қарай – Шешім) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер, гендерлік саясат, жастар мәселесі және үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясына (Бижанов Н.) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Алтыбаев
      Қызылқоға аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Аккайнанов

  Қызылқоға аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 наурыздағы № 2-3 шешіміне қосымша
  Қызылқоға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № ХХХХІ-1 шешімімен бекітілген

Қызылқоға ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағида "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес жасақталды және Қызылқоға ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

      3. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктердегі жеке (карточкалық) шотының болуын растайтын құжаттың қоса ұсынылуымен денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мемлекеттік ұйымдардың ұсынулары бойынша ауылдық округтер әкімдері бекіткен жиынтық тізімдердің негізінде, алушылардан өтініштер талап етпей көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау Қызылқоға ауданының ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.

3. Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері

      5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады