"МұнайТас" Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне шектеулі нысаналы мақсатта (қауымдық сервитут) жер пайдалану құқығын белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 62 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 23 сәуірде № 4937 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағының 2-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "МұнайТас" Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қызылқоға ауданы аумағынан "Кеңқияқ-Атырау магистральдық мұнай құбырының желілік бөліктерін (құбыр) пайдалану үшін жалпы көлемі 8,925 гектар жер учаскесі шектеулі нысаналы мақсатта (қауымдық сервитут) жер пайдалану құқығын 2070 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Тұрдағалиевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылқоға ауданының әкімі Н. Бисембиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады