Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № 14 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 3 ақпанда № 4887 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына сәйкес, Сағыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысын жүргізу үшін, Сағыз ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,0546 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 25 жылға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сағыз ауылдық округінің әкімі Н. Әбишан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады