Индер ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 54 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 сәуірде № 4926 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 17 қазандағы № 199 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 17.10.2023 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8 бабы 2) және 3) тармақшаларына және 27 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Индер ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Индер ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 тамыздағы № 247 "Индер ауданының аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындарын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4482 болып тіркелген, 2019 жылдың 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары C. Өтеғұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Қалауи

  Индер ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 54 қаулысына қосымша

Индер ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Елді-мекен атауы

Арнайы бөлінген орындар

Саны

1

Индербор кенті

Қ. Төленбаев көшесі, "Алға" базарының алдындағы алаң

3

Д. Қонаев көшесі, "Жасұлан" базарының алдындағы учаске

5

Тұзды көл жағалауы, Индербор кентінен 15 км қашықтықта

10

Н. Меңдіғалиев көшесіндегі № 45, парк аумағы

4

С. Бейбарыс көшесіндегі, № 6 үйдің манындағы учаске

2

Жайық өзені маңындағы парк аумағы

5

Д. Қонаев көшесіндегі № 19 үйдің маңындағы учаске

2

Д. Қонаев көшесіндегі № 22 үйдің маңындағы учаске

2

Махамбет көшесіндегі № 18, 20 үйлердің алдындағы учаске

3

2

Бөдене ауылдық округі

С. Датов көшесіндегі № 1б, орталық алаң

4

3

Жарсуат ауылдық округі

Махамбет көшесіндегі № 2А, орталық алаң

7

4

Көктоғай ауылдық округі

О. Айтбаев көшесінің бойындағы учаске

5

5

Өрлік ауылдық округі

И. Үсенов көшесі № 15 үй алдындағы учаске

4

6

Есбол ауылдық округі

С. Датов көшесіндегі алаң

5

7

Ынтымақ ауылы

Б. Бозекенов көшесіндегі алаң

5

8

Елтай ауылдық округі

Жеңіс және М. Қабиұлы көшелерінің қиылысы

6

9

Аққала ауылы

Т. Жылысов көшесіндегі № 1 үйдің маңындағы аумақ

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады