Индер ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңартылған

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 17 қазандағы № 199 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 қазанда № 5098-06 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелді) ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына сәйкес, Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Индер ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. Индер ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 54 "Индер ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4926 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Индер ауданының әкімі Д. Шамуратов

  Индер ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 17 қазандағы
№ 199 қаулысына қосымша

Индер ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 28.05.2024 № 111 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Орналасқан жері

Алатын алаңы, (шаршы метр)

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

Қызмет саласы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

1

Индербор кенті, Қ. Төленбаев атындағы көше, "Алға" базарының алдындағы алаң

75

"Әлібек" дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін сату)

5

2

Индербор кенті, Д. Қонаев атындағы көше, "Жасұлан" базарының алдындағы алаң

50

"Алмат" дүкені

Бөлшек сауда (азық-түлік тауарларын сату)

5

3

Индербор кенті, Х.Доспанова атындағы көше, автобус аялдамасынан 3 метр ара қашықтықта

20

Жоқ

Бөлшек сауда (нан өнімдерін сату)

5

4

Индербор кенті, Бейбарыс атындағы көше №6 үйдің оң жақ жанындағы учаске

40

"Айша" дүкені

Бөлшек сауда (азық-түлік тауарларын сату және қоғамдық тамақтану)

5

5

Индербор кенті, Д. Қонаев атындағы көше №17 үйдің сол жақ жанындағы учаске

10

"Қалқаман Дәулет" дүкені

Бөлшек сауда (азық-түлік тауарларын сату және қоғамдық тамақтану

5

6

Индербор кенті, Д. Қонаев атындағы көше №19 үйдің оң жақ жанындағы учаске

30

"Алмат" дүкені

Бөлшек сауда (азық-түлік тауарларын сату)

5

7

Индербор кенті, Д. Қонаев атындағы көше №22 үйдің сол жақ жанындағы учаске

30

"Саида" сауда үйі

Бөлшек сауда (азық-түлік тауарларын сату)

5

8

Индербор кенті, Махамбет атындағы көше №20 үйдің сол жақ жанындағы учаске

40

"Мағрипа-2" дүкені

Бөлшек сауда (азық-түлік тауарларын сату)

5

9

Индербор кенті, Болашақ ы/а 6-шы көшедегі автобус аялдаманың оң жағынан 3 метр ара қашықтықтағы учаске

20

Жоқ

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін сату)

5

10

Индербор кенті, Болашақ ы/а 6-шы көшедегі автобус аялдаманың оң жағынан 8 метр ара қашықтықтағы учаске

20

Жоқ

Бөлшек сауда (нан өнімдерін сату)

5

11

Индербор кенті, Көктем ы/а Х.Нурманов атындағы көшесіндегі автобус аялдаманың оң жақ бетінен 3 метр ара қашықтықтағы учаске

20

Жоқ

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін сату)

5

12

Индербор кенті, Көктем ы/а Х.Нурманов атындағы көшесіндегі автобус аялдаманың сол жақ бетінен 3 метр ара қашықтықтағы учаске

20

Жоқ

Бөлшек сауда (нан өнімдерін сату)

5

13

Индербор кенті, Шығыс ы/а Р.Қошқарбаев атындағы көше басындағы учаске

20

Жоқ

Бөлшек сауда (нан өнімдерін сату)

5

14

Индербор кенті, Д.Нұрпейісова атындағы көшесіндегі автобус аялдамасынан 8 метр ара қашықтағы учаске

20

"Бағлан" дүкені

Бөлшек сауда (нан өнімдерін сату)

5

15

Бөдене ауылдық округі, Бөдене ауылы, С.Датұлы атындағы көшедегі орталық алаң

40

Жоқ

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін сату)

5

16

Жарсуат ауылдық округі, Жарсуат ауылы, кірме жолдың Махамбет атындағы көшемен қиылысындағы учаске

50

Жоқ

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін сату)

5

17

Жарсуат ауылдық округі, Құрылыс ауылы, кірме жолдың К.Кемалиев атындағы көшемен қиылысындағы учаске

30

Жоқ

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін сату)

5

18

Көктоғай ауылдық округі, Көктоғай ауылы, О.Айтбаев атындағы көшедегі учаске

30

Жоқ

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін сату)

5

19

Өрлік ауылдық округі, Өрлік ауылы, И.Үсенов атындағы көшедегі учаске

20

"Үш қоңыр" дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін сату)

5

20

Есбол ауылдық округі, Есбол ауылы, С.Датұлы атындағы көшеде орталық алаң

30

"Мақсат" кафесі

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін сату)

5

21

Есбол ауылдық округі, Ынтымақ ауылы, Б.Бөзекенов атындағы көшеде орталық алаң.

30

Жоқ

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін сату)

5

22

Елтай ауылдық округі, Елтай ауылы, Жеңіс және М.Қабиұлы атындағы көшелерінің қиылысындағы учаске

40

Жоқ

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін сату)

5

23

Елтай ауылдық округі, Аққала ауылы, Т.Жылысов атындағы көшедегі учаске

40

Жоқ

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін сату)

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады