Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 258-V "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 мамырдағы № 46-VІI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 11 мамырда № 4948 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 172-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 14.09.2022 № 172-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңына сәйкес және аудан әкімдігінің қаулысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 258-V "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2815 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2014 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген шешімнің 2-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2. Коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек алушылардың санаттары және мөлшерлері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін."

      2) көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Г. Калиева) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс V сессиясының төрағасы
Г. Калиева
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Жугинисов

  Құрманғазы аудандық мәслихатының 2021 жылғы
6 мамырдағы № 46-VII шешіміне қосымша
  Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 258-V шешіміне 2 қосымша

Коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек алушылардың санаттары мен мөлшерлері

      Коммуналдық қызметтерге ай сайынғы әлеуметтік көмек келесідей санаттағы азаматтарға табысы есепке алынбай, көрсетілген мөлшерде берілсін:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 15 000 теңге;

      2) қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің зайыптарына (жұбайлары) - 15 000 теңге;

      3) жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге - 15 000 теңге;

      4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға - 10 000 теңге;

      5) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына - 15 000 теңге;

      6) 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы обьектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға - 15 000 теңге;

      7) 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға - 15 000 теңге;

      8) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына - 15 000 теңге;

      9) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 15 000 теңге;

      10) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 15 000 теңге;

      11) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 15 000 теңге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады