"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аудандық мәслихаттың "Құрманғазы ауданы аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 30 қазандағы № 214-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3986 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Жугинисов |