"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Атырау облысы Құрманғазы аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 18 маусымдағы № 9 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылдық округінің Қ. Тәкешов көшесінің аумағында, ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринарлық іс-шаралары жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
2. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 11 мамырдағы № 16 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4952 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Ә. Әбдірахман |