"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Құрманғазы аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 3 маусымдағы № 6 ұсынысына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Мақаш ауылдық округінің тұрғыны Т. Досмуханбетовтің мал қорасының аумағында мүйізді ірі қара малының бруцеллез ауруына жоспарлы ветеринарлық сауықтыру жұмыстарының атқарылуына байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Мақаш ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 15 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4940 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Шешім Қазақстан Республикасы әділет министрлігінен мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мақаш ауылдық округінің әкімі |
Б. Кадыров |