Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 44/477-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5312 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен айқындалған Түркістан облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізіміндегі Түркістан қаласы бойынша мынадай редакциядағы жиырма жетінші абзацпен толықтырылсын:
"№ 20 бағытындағы "Түркістан халықаралық әуежайы – Әкімшілік іскерлік орталығы – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – Отырар шағын ауданы – Түркістан халықаралық әуежайы" (Түркістан халықаралық әуежайы – Әкімшілік іскерлік орталығы – Бекзат Саттарханов даңғылы – Жібек жолы саябағы – Халық Банк – Rixos қонақ үйі – Халықаралық қазақ түрік университеті – Дастархан – Керуен сарай – Әмір Темір – Қазыбек би көшесі – Шекті Тілеу Жолдаяқ көшесі – Жібек жолы даңғылы – Шәмші Қалдаяқов даңғылы – Отырар шағын ауданы – Әкімшілік іскерлік орталығы – Түркістан халықаралық әуежайы).".
2. "Түркістан облыстық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облыстық | |
мәслихатының хатшысы | К. Балабиев |