Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 16 мамырдағы № 92 "Субсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 12 қазандағы № 222 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 қазанда № 24772 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысы әкiмдiгiнiң "Субсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 16 мамырдағы № 92 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5061 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі У. Шукеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады