Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 5/48-VІI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6176 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы Түркістан облысында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде рецепт бойынша облыстық бюджет қаражаты есебінен тегін қосымша берілетін дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер және медициналық бұйымдардың тізілімі мынадай жолдармен толықтырылсын:
Қосымша дәрі-дәрмектердің, арнайы емдік өнімдердің және медициналық бұйымдардың аталуы | Азаматтар санаты |
Мацитентан 10 мг | Барлық санаттар |
Риоцигуат 0,5 мг | Барлық санаттар |
Микофенолат мофетил 250 мг | Барлық санаттар |
Метипред 4 мг | Барлық санаттар |
Ритуксимаб 500 мг | Барлық санаттар |
2. "Түркістан облыстық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облыстық | |
мәслихатының хатшысы | К. Балабиев |