"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы және 2021 жылғы 27 сәуірдегі қорытындылары негізінде, халықтың пікірі ескеріле отырып, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Түркістан облысының келесі әкімшілік-аумақтық бірліктері:
Жетісай ауданы бойынша:
Атамекен ауылдық округінің "40 лет Победы" ауылы "Баянды" ауылына;
Қазыбек би ауылдық округінің "Карл Маркс" ауылы "Таубай ата" ауылына;
Қызылқұм ауылдық округінің "Первомайское" ауылы "Алтынкөл" ауылына;
Қызылқұм ауылдық округінің "Киров" ауылы "Ақбұлақ" ауылына;
Мақталы ауылдық округінің "Чехов" ауылы "Жетісу" ауылына;
Келес ауданы бойынша:
Ақтөбе ауылдық округінің "М.Горький" ауылы "Кеңдала" ауылына;
Ақтөбе ауылдық округінің "Қызыләскер" ауылы "Лесбек батыр" ауылына;
Ошақты ауылдық округінің "Орджиникидзе" ауылы "Сәмбет Саттаров" ауылына;
Біртілек ауылдық округінің "Димитрово" ауылы "Ораз ата" ауылына;
Біртілек ауылдық округінің "Әзербайжан" ауылы "Көлтоған" ауылына;
Алпамыс батыр ауылдық округінің "Ленинжолы" ауылы "Ақжол" ауылына;
Қошқарата ауылдық округінің "Первое мая" ауылы "1 Мамыр" ауылына;
Бірлік ауылдық округінің "Коммунизм" ауылы "Ащысай" ауылына қайта аталсын.
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімін ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігі қаулысының және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.А.Қалқамановқа жүктелсін.
4. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысының әкімі | У. Шукеев |
Түркістан облыстық | |
мәслихатының хатшысы | К. Балабиев |