"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан қаласының жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 70 теңге көлемінде белгіленсін.
2. Түркістан қаласы әкімдігінің "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түркістан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Турашбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Түркістан қалалық
мәслихатымен