2021 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 12 ақпандағы № 73 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 12 ақпанда № 6062 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 185 "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5597 тіркелген және 2020 жылғы 05 мамырдағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К. Ешанқұловаға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Асанов

  Мақтаарал ауданы әкімдігінің
12 ақпандағы 2021 жылғы
№ 73 қаулысына қосымша

2021 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Ұйымның атауы

Тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ж.Нурлыбаев атындағы № 49 жалпы орта мектебі" КММ

62

2

2.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қ.Қайсенов атындағы № 51 жалпы орта мектебі" КММ

61

2

3.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ш.Бектасов атындағы № 38 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

108

3

4.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 9 жалпы орта мектебі" КММ

106

3

5.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "И.Панфилов атындағы № 33 жалпы орта мектебі" КММ

76

2

6.

"Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

124

3

7.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің № 10 "Асыл мұра" жалпы орта мектебі" КММ

107

3

8.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің № 21 "Нұрлы жол" жалпы орта мектебі" КММ

54

2

9.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Жамбыл атындағы № 39 жалпы орта мектебі" КММ

130

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады