Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 4-27-VII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 21 сәуірде № 6171 болып тiркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 6-42-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 14.09.2023 № 6-42-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің" 56-бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 маусымдағы № 66-412-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5680 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 03 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде электронды түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Мақтаарал аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мақтаарал аудандық
      мәслихатының хатшысы К. Сарсекбаев

  Мақтаарал аудандық
мәслихатының 2021 жылғы
02 сәуірдегі № 4-27-VII
шешімімен бекітілген

Мақтаарал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 03.06.2022 № 21-130-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мақтаарал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Әлеуметтік көмек Мақтаарал ауданының аумағында тұрақты тұратын, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетіледі.

      3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – Мақтаарал ауданы әкімдігінің "Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Осы Қағидаларда қолданылатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мазмұнында қолданылады.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - әлеуметтік көмек алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндерге заттай нысанда немесе ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      5. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 28.11.2022 № 26-178-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді ай сайын көрсетіледі.

2- тарау. Әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні:

      көп балалы аналарға, оның ішінде "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні:

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) 9 мамыр – Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға – 1 000 000 (бір миллион) теңге;

      екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамға теңестірілген адамның жұбайына (зайыбына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерін қоспағанда) салдарынан мүгедектігі бар адам деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың жұбайына (зайыбына) – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанда ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілеріне - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілеріне - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілеріне - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан – Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Карабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) 16-желтоқсан - Тәуелсіздік күні:

      Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіппен ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан тұлғаларға – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 28.11.2022 № 26-178-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайдағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір рет және (немесе) мерзімді ай сайын көрсетіледі:

      1) 80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға Мақтаарал ауданының аумағында жол жүрумен байланысты шығындарын өтеу үшін, табысын есепке алусыз, ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) туберкулездің әр түрлі түрімен ауыратын науқастарға емдеу мекемесінің ай сайын ұсынатын тізіміне сәйкес, амбулаториялық ем алу кезеңіне, табысын есепке алусыз, ай сайын 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) адамның иммун тапшылығы вирусы инфекциясы бар балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне және адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясын жұқтыру немесе жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы медицина қызметкерлерінің және әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінен болып, өміріне немесе денсаулығына зиян келген тұлғаларға, табысын есепке алусыз, ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      4) қатерлі ісіктер ауруына шалдыққан тұлғаларға, табысын есепке алусыз, бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша қоларбамен қамтамасыз ету мақсатында мүгедектігі бар адамдарға, табысын есепке алусыз:

      серуендеуге арналған қоларбаға әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бөлмеге арналған қоларбаға әлеуметтік көмектің шектік мөлшері 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға санаторлық-курорттық емделуге жолдамалар алу үшін, табысын есепке алусыз, бір рет әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарына; жүріп-тұруы қиын бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік такси қызметін ұсынуға және инватакси қызметтерін көрсетуге дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бар мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде инватакси қызметін ұсынуға, табысын есепке алусыз, ай сайын 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) мерзімді басылымдарға жазылу үшін - Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарына, табысын есепке алусыз, бір рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін наградаларға жатқызылған бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, табысын есепке алусыз, бір рет 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      9) бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы аз қамтылған отбасыларға, сондай – ақ орта білім беру ұйымдарында оқуға кіріспеген алты жасқа толған балалары бар табысы аз отбасыларға-атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде, жергілікті бюджеттен кепілдендірілген әлеуметтік топтама алуына әлеуметтік көмек көрсету үшін, жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыруға, ай сайын 1 (бір) айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      10) азаматқа (отбасына) өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап өтініш көрсету мерзімі алты айдан кешіктірмей табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан оларға не олардың мүлкіне зиян келтіргені бойынша – тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 28.11.2022 № 26-178-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, әлеуметтік көмекті қайтару және тоқтату үшін негіз Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      10. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйым ұсынған тізім бойынша көрсетіледі.

      11. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.

      12. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

3-тарау. Қорытынды ереже

      13. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.

      ____

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады