Мақтаарал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 4-27-VII "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 қарашадағы № 26-178-VII шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 желтоқсанда № 31008 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 6-42-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 14.09.2023 № 6-42-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мақтаарал аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 4-27-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6171) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.";

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні:

      көп балалы аналарға, оның ішінде "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні:

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) 9 мамыр – Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға – 1 000 000 (бір миллион) теңге;

      екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамға теңестірілген адамның жұбайына (зайыбына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерін қоспағанда) салдарынан мүгедектігі бар адам деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың жұбайына (зайыбына) – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанда ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілеріне - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілеріне - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілеріне - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан – Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Карабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) 16-желтоқсан - Тәуелсіздік күні:

      Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіппен ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан тұлғаларға – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "8. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайдағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір рет және (немесе) мерзімді ай сайын көрсетіледі:

      1) 80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға Мақтаарал ауданының аумағында жол жүрумен байланысты шығындарын өтеу үшін, табысын есепке алусыз, ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) туберкулездің әр түрлі түрімен ауыратын науқастарға емдеу мекемесінің ай сайын ұсынатын тізіміне сәйкес, амбулаториялық ем алу кезеңіне, табысын есепке алусыз, ай сайын 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) адамның иммун тапшылығы вирусы инфекциясы бар балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне және адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясын жұқтыру немесе жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы медицина қызметкерлерінің және әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінен болып, өміріне немесе денсаулығына зиян келген тұлғаларға, табысын есепке алусыз, ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      4) қатерлі ісіктер ауруына шалдыққан тұлғаларға, табысын есепке алусыз, бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша қоларбамен қамтамасыз ету мақсатында мүгедектігі бар адамдарға, табысын есепке алусыз:

      серуендеуге арналған қоларбаға әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бөлмеге арналған қоларбаға әлеуметтік көмектің шектік мөлшері 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға санаторлық-курорттық емделуге жолдамалар алу үшін, табысын есепке алусыз, бір рет әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарына; жүріп-тұруы қиын бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік такси қызметін ұсынуға және инватакси қызметтерін көрсетуге дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бар мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде инватакси қызметін ұсынуға, табысын есепке алусыз, ай сайын 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) мерзімді басылымдарға жазылу үшін - Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарына, табысын есепке алусыз, бір рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін наградаларға жатқызылған бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, табысын есепке алусыз, бір рет 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      9) бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы аз қамтылған отбасыларға, сондай – ақ орта білім беру ұйымдарында оқуға кіріспеген алты жасқа толған балалары бар табысы аз отбасыларға-атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде, жергілікті бюджеттен кепілдендірілген әлеуметтік топтама алуына әлеуметтік көмек көрсету үшін, жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыруға, ай сайын 1 (бір) айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      10) азаматқа (отбасына) өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап өтініш көрсету мерзімі алты айдан кешіктірмей табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан оларға не олардың мүлкіне зиян келтіргені бойынша – тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мақтаарал аудандық мәслихатының хатшысы К. Сарсекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады