2021 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 13 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 1 ақпанда № 6049 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы бұйрығымен бекітілген "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына" сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ қазак тілінде жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 13.05.2021 № 272 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 06 қыркүйектегі № 455 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4722 тіркелген, 2018 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) және 2019 жылғы 22 қарашадағы № 549 "Ордабасы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 06 қыркүйектегі № 455 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5255 тіркелген, 2019 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ордабасы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ордабасы ауданы әкімдігі интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Оралбаевқа жүктелсiн.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Турашбеков

  Ордабасы ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 29 қаңтардағы
№ 13 қаулысына қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квоталары

      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы қазак тілінде жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 13.05.2021 № 272 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%)

Мүгедектер үшін квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

2

3

4

5

1

Ордабасы ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі

62

2

1

2

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Атамекен жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

135

3

4

3

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "М.Х.Дулати атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

72

2

1

4

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Жусансай жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

73

2

1

5

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

73

2

1

6

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Теспе жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

51

2

1

7

"Medical Center Shubarsu" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

120

3

3


Барлығы

586


12


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады