Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қарамұрт ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 170 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 қыркүйекте № 24209 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8)-тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 08-02-03/325 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Бруцеллез ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Қарамұрт ауылдық округі Низамабад ауылы Ұста-Қыдыр көшесіне және Қарамұрт ауылы А.Моминжанов көшесінің № 68-95 тұрғын үйлері аралығына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қарамұрт ауылдық округі әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Қарамұрт ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 12 наурыздағы № 57 "Қарамұрт ауылдық округі Низамабад ауылы Ұста-Қыдыр көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6093 болып тіркелген);

      2) Қарамұрт ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 63 "Қарамұрт ауылдық округі Қарамұрт ауылы А.Моминжанов көшесінің № 68-95 тұрғын үйлері аралығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6108 болып тіркелген).

      3. "Сайрам ауданының Қарамұрт ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің оны ресми жариялағаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарамұрт ауылдық округінің әкімі М. Нажиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады