Қарамұрт ауылдық округі Низамабад ауылы Ұста-Қыдыр көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 12 наурыздағы № 57 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 15 наурызда № 6093 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 170 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылдық округі әкімінің 26.08.2021 № 170 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 08-02-03/150 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қарамұрт ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарамұрт ауылдық округі Низамабад ауылы Ұста-Қыдыр көшесінде бруцеллез (сарып) ауруының ошағы анықталуына байланысты, Қарамұрт ауылдық округі Низамабад ауылы Ұста-Қыдыр көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Сайрам ауданының Қарамұрт ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарамұрт ауылдық округінің әкімі М. Нажиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады