Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 252 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 28 қаңтарда № 6040 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 252 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5100 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 12 шілдеде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "ТNS-Plus" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне "НРП Бесқубыр-БС Саруг" магистральды талшықты оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Полатовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Б. Полатов

  Сарыағаш ауданы әкімдігінің
28 қаңтардағы 2021 жылғы
№ 21 қаулысына
қосымша
  Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 27 маусымдағы
№ 252 қаулысына
қосымша

"TNS-Plus" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне "НРП Бескубыр-БС Саруг" магистральды талшықты оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін жер учаскесінің қауымдық сервитут көлемдері


жер пайдаланушылар атауы

қауымдық сервитуттың көлемі (гектар)

соның ішінде

ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер

оның ішінде

егістік

суармалы егістік

көп жылдық екпелер

шабындық

жайылым

басқа да жерлер

1

Көктерек кенті

0,68








2

Құркелес ауылдық округі

6,916

4,896

3,44




1,456


3

Тегісшіл ауылдық округі

0,876

0,04





0,04


4

Дарбаза ауылдық округі

1,628

1,628

1,328




0,3



Барлығы

10,1

6,564

4,768




1,796



      кестенің жалғасы

елді мекендердің жер

өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауылшаруашылығына арналмаған өзге де жер

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер

орман қорының жері

су қорының жері

басқа жер

0,68











2,02






0,836







0,68





2,856


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады