Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабының 1 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 03 маусымдағы № 08-02-07/205 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Бруцеллез ауруының ошақтарын жоюға қатысты барлық ветеринарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Созақ ауданы Құмкент ауылдық округі, К.Берденұлы көшесіне шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Созақ ауданының Құмкент ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 8 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6143 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Созақ ауданының Құмкент ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешім Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Ғ. Пәрдебекұлы |