Кемеқалған ауылдық округі Абай елді мекені Аманта көшесінде бруцеллез бойынша шектеу шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Төлеби ауданының Кемеқалған ауылдық округi әкiмiнiң 2021 жылғы 25 наурыздағы № 08 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 25 наурызда № 6126 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданының Кемеқалған ауылдық округi әкiмiнiң 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 51 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданының Кемеқалған ауылдық округi әкiмiнiң 23.12.2021 № 51 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Төлеби аудандық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 08-02-07/75 ұсынысы негізінде, Кемеқалған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Төлеби ауданының Кемеқалған ауылдық округі, Абай елді мекені, Аманта көшесіндегі № 60 үйден ірі қара малдың "бруцеллез" ауруына оң нәтиже бергеніне байланысты, Кемеқалған ауылдық округі, Абай елді мекені, Аманта көшесінің № 60 үйден бастап № 66 үйлер аралығына шектеу іс-шаралары енгізілсін.

      2. "Төлеби ауданының Кемеқалған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кемеқалған ауылдық округінің әкімі Д. Дарибоев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады