Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысы Төлеби ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 20 мамырдағы № 08-02-07/170 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Түркістан облысы Төлеби ауданы Кемеқалған ауылдық округінің Абай елді мекенінің Мектеп көшесінде бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Түркістан облысы Төлеби ауданы Кемеқалған ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 11 "Кемеқалған ауылдық округі Абай елді мекені Мектеп көшесінде бруцеллез бойынша шектеу шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6157 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.
Кемеқалған ауылдық округінің әкімі | Д. Дарибоев |