Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданының Кемеқалған ауылдық округi әкiмiнiң 28.12.2021 № 54 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Төлеби аудандық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 08-02-07/105 ұсынысы негізінде, Кемеқалған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Төлеби ауданының Кемеқалған ауылдық округі, Абай елді мекені, Мектеп көшесіндегі № 1 үйден уақ малдың "бруцеллез" ауруына оң нәтиже бергеніне байланысты, Кемеқалған ауылдық округі, Абай елді мекені, Мектеп көшесіндегі (№ 1 үй – № 10 үй аралығы) 10 үйге шектеу іс-шаралары енгізілсін.
2. "Төлеби ауданының Кемеқалған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кемеқалған ауылдық округінің әкімі | Д. Дарибоев |