"Шардара ауданы бойынша елді мекендердің шегін өзгерту туралы" Шардара ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 68 бірлескен қаулысына және Шардара аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 наурыздағы № 54-343-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 2-13-VII бірлескен шешiмi және Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 23 ақпандағы № 64 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 1 наурызда № 6080 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шардара ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шардара ауданы бойынша елді мекендердің шегін өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 5480 тіркелген, 2020 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) Шардара ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 68 бірлескен қаулысына және Шардара аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 наурыздағы № 54-343-VI шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің орыс тіліндегі мәтінінің 4 тармағындағы "совместное постановления и решения" деген сөздер, "совместное постановление и решение" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Шардара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы мен шешімді Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Шардара ауданы әкімінің орынбасары А.Таженовке жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Жолдыбай
      Сессия төрағасы Н. Нусеров
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Карсыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады