Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 65 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 16 наурызда № 6097 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. Келес ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 377 "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 31 желтоқсанда № 5345 болып тіркелген және 2020 жылғы 08 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Келес ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Сексенбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Келес ауданының әкімі А. Есбаев

  Келес ауданы әкімдігінің
2021 жылғы "5" наурыздағы
№ 65 қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының "Абай" Келес аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

1610

4

64

2

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 39 Л.Жолдасов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

130

3

4

3

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 7 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

122

3

4

4

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

182

3

5

5

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 40 Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

120

3

4

6

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "№ 13 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

172

3

5

7

"Әшірәлі Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

137

3

4

8

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 57 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

130

3

4

9

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 20 Т.Бердияров атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

106

3

3

10

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 13 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

101

3

3

11

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 56 Т.Белгібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

90

2

2

12

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 12 Р.Әлібекұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

52

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады