Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 01.07.2021 № 12 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Келес аудандық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 08-02-03/101 ұсынысы негізінде Бірлік ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Келес ауданы Бірлік ауылдық округі Бірлік елді мекені Ақорда көшесі № 7 үй тұрғыны Г.Сариеваның 1 бас уақ малының сынамасы бактериологиялық зерттеу нәтижесінде "бруцеллез" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты, Ақорда көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Келес ауданы Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бірлік ауылдық округінің әкімі | О. Аристанбеков |