"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 46-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Келес ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 01 маусымдағы № 08-02-03/160 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Уақ малдың бруцеллез ошақтарын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Келес ауданы Бірлік ауылдық округі Бірлік елді мекенінің Ақорда көшесіндегі шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
2. Келес ауданы Бірлік ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 06 сәуірдегі № 5 "Келес ауданы Бірлік ауылдық округі Бірлік елді мекенінің Ақорда көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6149 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Келес ауданы Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бірлік ауылдық округінің әкімі | О. Аристанбеков |