Шығыс Қазақстан облысы Өскемен, Риддер қалаларының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 1 наурыздағы № 42 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 3 наурыздағы № 3/14-VII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 11 наурызда № 8438 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, "Өскемен қаласының құрамдас бөлігіне қайта атау беру жөнінде ұсынысты енгізу туралы" Өскемен қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 3061 қаулысы және Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 61/8-VI шешімі, "1-Нагорная, Абай көшелерін қайта атау туралы" Риддер қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы № 156 қаулысы және Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 5 наурыздағы № 39/9-VI шешімі, "Островский көшесін қайта атау туралы" Риддер қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы № 157 қаулысы және Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 5 наурыздағы № 39/10-VI шешімі негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 4 желтоқсандағы қорытындысын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен, Риддер қалаларының кейбір құрамдас бөліктері:

      Өскемен қаласы бойынша:

      Менделеев көшесі – Бағдат Шаяхметов көшесі;

      Риддер қаласы бойынша:

      Островский көшесі – Абай даңғылы;

      Абай көшесі – Сергей Гуляев көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов
      Сессия төрағасы А. Анчугин
      Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Д. Рыпаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады