Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы сұралып отырған жер учаскелері тұстамасындағы Сартымбет өзені, Қанжығабұлақ бұлағы, атауы жоқ бұлақ және №№ 1, 2 тоғандардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 127 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 29 сәуірде № 8694 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы сұралып отырған жер учаскелері тұстамасындағы Сартымбет өзені, Қанжығабұлақ бұлағы, атауы жоқ бұлақ және №№ 1, 2 тоғандардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы сұралып отырған жер учаскелері тұстамасындағы Сартымбет өзені, Қанжығабұлақ бұлағы, атауы жоқ бұлақ және №№ 1, 2 тоғандардың су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Ұлан ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

      3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы басшысының міндетін атқарушы ______________ М. Иманжанов
2021 жылғы "___"_______________

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2021 жылғы 21 сәуірдегі
№ 127 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы сұралып отырған жер учаскелері тұстамасындағы Сартымбет өзені, Қанжығабұлақ бұлағы, атауы жоқ бұлақ және №№ 1, 2 тоғандардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері

Су объектісі

Су қорғау аймақтары

Су қорғау белдеулері

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

1

2

3

4

5

6

7

№1 жер учаскесі

Сартымбет өзені
оң жақ жағалау

3,8893

233,0

500

5,439

19,8

35

Сартымбет өзені сол жақ жағалау

0,8208

74,6

70-500

2,5275

9,2

35

№1 тоған оң жақ жағалау

0,988

53,3

500

1,1096

11,1

100

№1 тоған сол жақ жағалау

1,228

8,6

20-325

0,868

4,4

100

№2 тоған оң жақ жағалау

0,6122

22,9

500

0,153

0,8

35

№2 тоған сол жақ жағалау

0,8011

37,0

490-500

0,079

0,3

35

№1 жер учаскесі

Сартымбет өзені оң жақ жағалау

0,4311

4,9

70-180

0,512

2,1

35

Сартымбет өзені сол жақ жағалау

1,232

50,9

500

0,7824

2,6

35

Қанжығабұлақ бұлағы оң жақ жағалау

1,324

14,0

70-261

1,2706

4,8

35

Қанжығабұлақ бұлағы сол жақ жағалау

1,4102

69,1

500

1,3809

13,8

100

атауы жоқ бұлақ оң жақ жағалау

0,6687

34,7

500

0,8381

2,9

35

атауы жоқ бұлақ сол жақ жағалау

0,6768

7,2

70-156

0,709

2,7

35

      Ескертпе:

      Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады