Шығыс Қазақстан облысы аумағында алтын түсті картоп жұмырқұртымен (globodera rostochiensis (Woll.) M. et. St.) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимінің күшін жою және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 202 "Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 қарашадағы № 320 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 қарашада № 25065 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер карантині туралы" Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 30 шілдедегі № 05/578 ұсынымы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы аумағында алтын түсті картоп жұмырқұртымен (globodera rostochiensis (Woll.) M. et. St.) зақымданған алқаптар көлемінде келесі жер телімдерінде карантин режимінің күші жойылсын:

      1) Семей қаласы, "Бобровка" саяжай алқабы, Садыков Д.А., № 4487 саяжайы, зақымданған алаң – 0,075 гектар;

      2) Семей қаласы, Приречный ауылдық округі, қордағы жерлер, зақымданған алаң – 4,5 гектар.

      2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 202 "Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3437 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 3-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2021 жылғы 4 қарашадағы
№ 320 қаулысына
қосымша
  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы "28" шілдедегі
№ 202 қаулысына
3-қосымша

Алтын түсті картоп жұмырқұртымен (globodera rostochiensis (Woll.) M. et. St.) зақымданған алқаптар көлемінде Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимі енгізілген карантин аймағы

Аудандар, ауылдық округтер және қалалардың атаулары

№ п/п

Жер учаскесінің тиесілігі

Зақымданған алаң, гектарда

Семей қаласы, "Бобровка" саяжай алқабы

1

Елюбаев М.А., № 4375 саяжай

0,063

2

Карагозов Е.Т., № 4481 саяжай

0,052

3

Соловьева Т.В., № 1628 саяжай

0,03

4

Сәрсенбина Ж.Т., № 4370 саяжай

0,06

5

Шалев А.И., № 3296 саяжай

0,068

6

Зольникова Н.Н., № 4488 саяжай

0,06

7

Еркінбеков Ж.Р., № 4369 саяжай

0,017

8

Рожков А.С., № 893 саяжай

0,06

9

Степин Б.В., № 1649 саяжай

0,06

10

Скачова Н., № 4384 саяжай

0,06

11

Кулько И.И., № 958 саяжай

0,086

12

Матвеенко Е.И., № 4385 саяжай

0,06

13

Калганов В.А., № 3298 саяжай

0,02

14

Дурманов С.А., № 1636 саяжай

0,03

15

Садвакасова К.К., № 915 саяжай

0,06

Барлығы


0,786


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады