2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 351 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 желтоқсанда № 25815 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) бұйрығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға 2021 жылға арналған субсидиялар нормативтері осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес;

      2) ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алушыларға қойылатын 2021 жылға арналған өлшемшарттар және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы оның ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2021 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 351 қаулысына 1 қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға 2021 жылға арналған субсидиялар нормативтері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке субсидия нормативтері, теңге

Субсидияланатын көлем, бас

Субсидиялар көлемі, мың теңге

1.

Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату:

бас

-

-

-

1.1.

Ірі қара малдың аналық басы

5 000

26 000

130 000


Барлығы:




130 000

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2021 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 351 қаулысына 2 қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алушыларға қойылатын 2021 жылға арналған өлшемшарттар, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері

Субсидиялау бағыты

Өлшемшарттар

САЖ -да субсидиялау шарттарына сәйкестікті тексеру әдісі

Өтінім беру мерзімі

1.

Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату:

Өтінім берген сәтте аналық басының САТЖАҚ және АЖБД-да тіркелуі және деректерінің сәйкестігі.

САТЖАҚ және АЖБД -мен интеграциялық өзара іс-қимыл

Ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда)

1.1.

Ірі қара малдың аналық басы

1. Өтінім берген сәтте өзінің аналық басының (18 айдан асқан сиырлар мен қашарлардың) болуы.
2. Абай және Аягөз аудандарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      САТЖАҚ – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қоры;

      АЖБД – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор;

      САЖ – субсидиялаудың ақпараттық жүйесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады