Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 330 "Шығыс Қазақстан облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін анықтау туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 350 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 желтоқсанда № 25895 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабыныңа сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 330 "Шығыс Қазақстан облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін анықтау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 5694 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады